Жылдың жақсы басталуы

10.01.2020

"Богатырь" кенішіні N3 шығару жұмыстары учаскесінде шөміші 15 текше сыйымдылығымен жаңа Liebherr 9250 гидравлиқалық экскаваторын және Liebherr 764 екі бульдозерін іске қосуға арналған салтанатты митинг өтті.

"Богатырь Көмір" басшылығы атынан маңызды оқиғамен құрылымдық бөлімшелер ұжымын бас директордың орынбасары-өндіріс жөніндегі директоры Серік Макаров құттықтады. Ол Liebherr компаниясымен көп жылдық ынтымақтастықты, жеткізілетін техниканың мінсіз сапасын және сенімділігін атап өтті. Кеніш директоры И.Досмухамбетов,ТКБ директоры В.Лялюшко, компанияның техникалық директоры Ғ. Иргебаев кеншілерге табысты жұмыс тіледі. Митингте сөз сөйлеген Liebherr компаниясының өкілі М. Омашев богатырліктерді аталған техникаға берген жоғары бағалары үшін өз алғысын айтты. Қалыптасқан дәстүр бойынша экскаватор мен бульдозерлерді іске қосар алдында лента қиылып, шампан бөтелкесі жарылды. Көп тонналы "БелАЗ" шанағына алғашқы көмір шөмішін тиеу құрметі экскаватор машинисті Леонид Швецовқа берілді.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу