Мысқал болса да күшті

09.01.2020

Инвестициялық бағдарламаның аясында компания сатып алған, Челябинскінің тракторлық зауытында шығарылған жаңа ЧТЗ Б-11 бульдозерді технологиялық көлік басқармасының тракторлық-бульдозерлік учаскесінде іске қосуға дайындап жатыр.

Машинаның қосындыланған болаттан жасалған құрылымының беріктігі жоғары және тотқа төзімді. Б-11 қоршаған ортаның кез-келген жағдайында жұмыс істеуге қабілетті, ол температуралық айырымдарға бейімделген. Бульдозер оператордың жұмысын жеңілдететін берілістерді ажыратып қосатын  гидромеханикалық қораппен жабдықталған. Арнайы машина кабинасының дизайны жетілдірілген, ауа баптағышпен және жылытқышпен құралдандырылған. Қосарланып шыныланған терезесі жұмыс кезінде жылу мен дыбыс өткізбеудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Сатып алынған бульдозерді жол шаруашылығында және жылумен қамтамасыз ету учаскесінде пайдалану ұйғарылып отыр.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу