Баспасөз / жаңалықтар

Жаңарту жылы болды

08.01.2020

Өткен жылдың соңында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің техникалық паркі «кен тасушы» класындағы жаңа төрт «БелАЗ-75139» карьерлік автосамосвалымен толықтырылды.

Келіп түскен 130 тонналықтар көмір кенішінің аршу кешеніндегі тау-кен массасын тасымалдауға арналған. Осындай түрленімдегі машиналар кәсіпорын үшін таңсық емес, олар жоғары сенімділігімен, қолданыстағы қарапайымдылығымен және құрастыру сапасымен ерекшеленеді. Аталмыш топтаманы есепке алғанда, компания былтырғы жылы жаңа сегіз «БелАЗ» сатып алды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list