Нағыз жаңа жылдық кабинет

05.01.2020

«Кабинеттің ең үздік жаңа жылдық безендіруі» байқауының қорытындысы шығарылды.Компанияның жеке құрам және әлеуметтік саясат бойынша дирекциясына он төрт өтінім келіп түсті.   Байқауға қатысушылар жұмыс орындарын сәндеу бойынша ерекше идеяларымен қазылар алқасын таң қалдыруға барынша тырысты – жайлы алауошақ, 2020 жыл бейнесі, шыршалар, ойыншықтар.  Бағалаудың негізгі  критерийлері  шығармашылық шешім, безендіруде стандарттық емес тәсілдемені қолдану, мүсіндік композициялардың бары.  Дауыстардың көптігімен Бас жүлде қаржылық бақылау секторына, 122-інші кабинетке бұйырды.  Лайықты бірінші орын –қаржы  бөлімі,116 кабинет жеңіп алса, екінші орын - кәсіби құзыретті дамыту бойынша секторында. Үшінші орынды – құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі  қанағат тұтты. Сонымен қатар, аталымдар үлестірілді: «Креатив үшін» аталымына - ТКЖЖ ТҚБ; «Ең үздік жаңа жылдық композиция» аталымына -  ТКЖЖ  ТББ; «Жыл бейнесі» аталымына шарлардан жасалған тышқан үшін – атқарушы аппараттың асхана қызметкерлері ие болды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар компаниядан тәтті сыйлық алды.

Жаңа жылдық көңіл-күйді тек көркемдеп безендірілген кабинеттер ғана емес, сонымен бірге барлық қызметкерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаған Аяз ата мен Ақшақар да сыйлады. Барлығына тапсырмасы бар қағаздар бұйырды – әндер шырқалып, тақпақтар айтылды, шаттық күлкіге ұласты.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу