Ермексазды Жаңа жыл

21.12.2019

Компаниядағы қызметкерлердің балаларының жұмыс көрмесі «Қайнар» ББК  фойесінде ұсынылды. 30-дана аса қолдан жасалған бұйым қазан айында жарияланған «Ермексазды Жаңа жыл» байқауына жасалды.

Жаңа жылдық қиялдарын балалар ермексазбен мүсінмен сурет түрінде көрсетті. Ең кішкентай қатысушы үш жаста. Әрқайсысы өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге тырысты және оған бар мүмкіндігін салды. Барлық ниет білдірушілер шығармашылық жұмыстарды бағалай алады. Ал жаңа жылдық мерекелерден соң, сырт қалмай, байқауға қатысқан әр балаға сыйлық табыс етіледі.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу