Балаларға қуаныш сыйлады

20.12.2019

"Кайнар" ББК жаңа жылдық ертеңгілігінде мүмкіндігі шектеулі балалар жиналды. Қайырымдылық шыршасын "Богатырь Көмір"  жастар қозғалысы алғашқы рет ұйымдастыруда.

Жобаны іске асыру үшін компанияда "Үздік Жаңа жыл" акциясын өткізді және қызметкерлер күшімен 1 622 300 теңге көлемінде сома жиналды, сонымен қатар кәсіпорыннан қайырымдылық мақсатта 1 000 000 бөлінді. Осылардың ішінен 500 000-нан аса қаражат қосымша сыйлықтарға жұмсалды.  19-нші жалпы орта білім беретін арнайы мектептің оқушылары үшін әсерлі жаңа жылдық тосынсый 2 000 000 теңгеге сыйланған сертификат болды, ол қаражатқа олар балалармен сабақтар өткізу үшін оңалту жабдығын сатып алады. Мектепті демеушілер үнемі қолдап жүрді, бірақ дәл осындай үлкен көмек директоры Ғалия Қаиркенқызы Жұмағұлованың айтуынша, білім беру мекемесі құрылғаннан бері бірінші рет көрсетіліп отыр. Ертегі қойылымы бірлескен жастар қозғалысының күшімен ұйымдастырылды. Ертеңгілікте балаларды жанашыл кейіпкерлер  костюміндегі "Супербатырлар"  қарсы алды. Балалар олармен қуана суретке түсті.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу