Өз туғанындай білу

19.12.2019

Әр жыл сайын «Богатырь Көмір» ЖШС-нде қазақ тілін үйренуге ниеттенгендер саны артуда. Биылғы жылдың өзінде қазақ тілін үйрену бойынша тегін курстарға 70-тен аса қызметкер қатысты.

Бұл ретте оқу үрдісін ұйымдастыруға қолдау көрсететін кәсіпорын басшылығының еңбегі де баршылық. Барлық құрылымдық бөлімшелерде сабақ өткізетін өз оқу кластары бар. Курсы тыңдаушыларына қазақ тілін табысты меңгеруге Екібастұз өңірлеріне шығулар көмектеседі. Жуырда ғана мемлекеттік тілді дамыту бойынша топтың оқытушылары Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік бағдарламаларымен Қоянды және Бесқауға ауылдарына барып қайтты. Латын ғарпіне көшу бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында  қазақ тілі кабинеттерінің бірі жаңа дизайнда безендірілді. Компанияда жүргізіліп отырған жұмыс мемлекеттік тіл саясатын әрі қарай жетілдіру бойынша жұмыс тобының жоғары бағасына ие болды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу