Ауылға концертпен

18.12.2019

Әсем әнмен және жақсы көңіл-күймен Бесқауға мен Қоянды ауылдарына "Богатырь Көмір" ЖШС-нің қазақ тілін үйреніп жүрген қызметкерлер тобы барып қайтты. Тәуелсіздік Күні қарсаңында қонақтар өз мерекелік бағдарламасын ұсынды.

Өзге ұлт өкілдерінен құралған он бес қызметкер  патриоттық әндерді мемлекеттік тілде шырқады. Ауыл тұрғындары "богатырліктердің" тіл білу деңгейін жоғары бағалады, ал олар орындаған әндер көрермендерді тәнті етті. Соңында сахнада "Богатырь Көмір" ЖШС әнұраны шырқалды. Мерекелік концертті ұйымдастырғаны үшін өз алғысын білдірген Бесқауға ауылының әкімі компания басшылығына алғыс хат табыстады. Компанияда қазақ тіліне ерекше көңіл бөлінетінін атап өткен жөн.  Бүгінгі күні курсқа 40-тан аса адам қатысады.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу