Дәлдік – жеңіс кепілі

15.12.2019

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған жарыстар бүгін "Северный" спорттық кешенінде өтті. "Богатырь Көмір" ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлері шахмат және "Асық ату" ұлттық ойыны секілді спорттық тәртіптерде жарысты.

Интеллектуалды ойын әуесқойлары демалыс күніне қарамастан қара-ақ тақта үстінде күштерімен сынасуға келді. Шахмат тәртібіндегі табан тірескен күресте жеңіс ТЖЖЖД құрылымдық бөлімшесінің қызметкері А. Досаевқа бұйырды, екінші орынды- "Богатырь" кеніші, Н.Бәкішев алса, үшінші орынды- компания әкімшілігі, Е. Бейсембаев қанағат тұтты. "Асық ату" ойнының қорытындысы бойынша, жеке біріншілікте, "ұлттық ойын түрі" тәртібінде ерлер арасында өзін үздік етіп көрсеткен Жол-1, Ж. Қаиров болды. Әйелдер арасында үздік нәтиже БЖКБ, К.Абдықалықовада. Екінші орынды атқарушы аппарат, М. Ерботина мен Жол-1, У.Силамхан жеңіп алса, ал үшінші орын- БЭҚ, И. Сухановаға және ТЖЖЖД, М. Кокеновке бұйырды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

@bogatyr.kz

https://www.instagram.com/bogatyr.kz/

https://www.facebook.com/groups/Bogatyr.kz/

 

Жаңалықтар тізіміне оралу