Тәуелсіздік Күніне сыйлық

13.12.2019

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күнінің қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясының демеушілік қатысуымен Екібастұз қаласында 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокс бойынша қала әкімінің Кубогына республикалық турнир өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қала әкімінің өтініші бойынша компания 10 жұп боксер қолғабы мен боксерлық ринг сатып алуға 2 000 000 көлемінде қаражат бөлген. Енді «Богатыр Көмір» ЖШС-нің демеушілік көмегінің арқасында біздің қаламыздағы облыс орталығындағыдан сапасы кем емес  жеке рингіміз бар. Өткізілген турнир еліміздің барлық өңірлерінен 120 спортшыны жинады. Қала басшысы Ержан Иманзаипов жарысқа қатысушылар мен қонақтарды маңызды оқиғамен құттықтады. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің ұжымы атынан бас директордың мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары Мирхат Мұсанап жас боксшыларға әділ сайыста жеңіске жетуді тіледі.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу