Болашаққа артығымен

12.12.2019

Компанияның технологиялық көлік басқармасының тракторлық-бульдозерлік жабдық учаскесінің техникалық паркі «Liebherr PR 764» екі жаңа бульдозермен толықтырылды.

Бірінші машина кеніштің аршу және үйінді жұмыстарында іске қосылды. Екіншісі бүгін пайдалануға тапсырылды. Сатып алынған бульдозерлер өз кластарындағы ең үздіктер, сенімділіктерімен ерекшеленеді және жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген. Кабина салоны машинистің жайлы жұмыс істеуі үшін климат-бақылау жүйесімен және басқарудың электронды жүйесі операторының жұмысын барынша жеңілдететін шаң басатын сүзгілермен жабдықталған. Келіп түскен техника өтіп бара жатқан жылдағы соңғы техника емес. Жақын арада «Б-11» кіші класты бульдозерін, сонымен қатар кеніштегі жабдықтар мен конвейерлік желіні монтаждаған және бөлшектеген кезде қолдануға жоспарланған бульдозер базасындағы құбыр тартқышты жеткізу күтілуде.   

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу