Жақсы демеу

09.12.2019

Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен-техникалық колледжінің 2 курс студенттері арасынан оқу үздіктеріне «Богатырь Көмір» ЖШС атаулы шәкіртақысын тағайындау  туралы сертификаттарды бүгін Серіктестіктің бас директоры Николай Корсаков табыс етті.

Компания басшысы оқушыларды осы жағымды оқиғамен құттықтай отыра, «Богатырь Көмір»  үшін колледжбен ынтымақтастықта болуы стратегиялық сипат алатындықтан, студенттерге алдарында ашылатын перспективаларды анықтап түсіну қажет екенін атап көрсетті. Өз тілегі ретінде Николай Корсаков жастарға өмірде алға қойған мақсаттарына жету үшін оқуда ыждағаттылық көрсетулерін тіледі. Өз кезегінде, колледж басшыларымен студенттері «Богатырь Көмір» әкімшілігіне көпжылдық және жемісті ынтымақтастықтары үшін ризашылықтарын білдірді. Атап өтсек, әлеуметтік серіктестіктің 20 жылы ішінде атаулы шәкіртақыны колледждің 52 оқушысы алған болатын. Солардың ішінде 30-дан аса жастары қазір кәсіпорында жұмыс істеп жүр.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу