Жыл ашылуы

04.12.2019

Корпоративті БАҚ Клубы ұйымдастырған «SAMURYQ-SAMǴA!» алғашқы республикалық байқауының «Қазылар алқасының таңдауы» арнайы аталымына «BOGATYR.KZ» корпоративті басылымы ие болды.

Жыл жаңалығы атанған «Богатырь Көмір» компаниясының жас басылымына арнайы аталымды беру туралы шешімді беделді кәсіби қазылар алқасы қабылдады. Атап өту керек, байқауға еліміздің ірі кәсіпорындарының корпоративтік басылымдары ішінде 13 редакция қатысты. «Ең үздік корпоративті баспасөз басылымы» "ҰАК «Казатомпром» АҚ «QazAtomNews» газеті атанды. «Ең үздік электрондық жоба» үшін жүлдені «ҚазТрансОйл» Ақ мобилді ақпараттық қолданбасы алды. «Jas Samuryq» аталымын «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қазақстан теміржолшысы» және «ҚазМұнайГаз» АҚ «Munaily meken» газеттері бөлісті. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу