Кеншілердің қос мерекесі

01.12.2019

Бүгін компанияның спорттық кешенінде ардагерлер арасында өткен дәстүрлі турнир екі бірдей маңызды күндерге- Тұңғыш Президент Күнімен "Богатырь" кенішінің құрылған Күніне арналды.

Жарыстар Көмір және Аршу кешендерінің құрамасы арасындағы футбол матчымен ашылды. Алғашқы сәттен бастап өндіріп шығару өкілдері қарсыластарының еркін соққысын қайта қайта баса берді. Шабуылдарының бірі қақпаның төменгі бұрышына дәл соққы берумен аяқталды. Екінші тайм екі жақтың келісуімен өткір шабуыл жасаумен өтті және командалар қақпаға доп соғумен өзара ауысты. Көмір кешеніне жеңісті қақпаға соғылған үшінші доп әкелді. Волейбол құрамаларының кездесуінде жеңімпазды қосымша үшінші партия анықтады. Екі бірдей жеңімпаз кубогының иегері атанған Көмір кешенінің құрамасы 15:7есебімен жеңіске жетті. Ал Аршу кешенінің жасағына диплом табыстады.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу