Богатырьдің туған күні

30.11.2019

Бүгін ірі көмір шығаратын «Богатырь» кенішінің пайдалануға берілгеніне тура 49 жыл толып отыр.

Осы жылдар ішінде «Богатырь» Екібастұздың визит карточкасына айналды, рекордшы кеніштің арқасында кеншілер қаласы  барлық әлемге танылды. Міне жарты ғасыр бойы «Богатырь» Қазақстанның көмір саласының флагманы болып қала береді, дәл осы жердегі жұмыста ең қуатты роторлы экскаваторлар және басқа да  тау-кен техникасы тексерулерден өтті, қиындықтардың бәрін жеңіп шығып, жаңа еңбек рекордтарын жасады. Осы жылдары «Богатырь» кеншілерімен өндірілген бір жарым миллиардтан аса тонна көмір Қазақстанның, жақын және шет елдердің әр түрлі бұрыштарындағы мыңдаған адамдарды жылумен және электрқуатымен қамтамасыз етті.  Қазіргі таңдада кеніш өсіп, даму үстінде.

«Богатырь Көмір» ЖШС – нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу