Ардагер отбасына көмек

20.11.2019

«Богатырь Көмір» бірлескен жастар қозғалысының белсенділері бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері А.Ф Щетчиковтың жесір әйеліне қайырымдылық көмек ретінде компания бөлген 2 тонна көмірді тиеуге көмектесті.

Атап өтсек, соғыс ардагері Александр Федорович Щетчиков құрметті демалысқа шыққанша «Богатырь» кенішінде еңбек етсе, ал зайыбы – еңбек майданының қатысушысы Валентина Ивановна Зуева ТКЖЖ зауытындағы оттек станциясында аппаратшы болып, бірнеше он жыл жұмыс істеді. Қамқорлық жасағандарына көңілі босаған ол компания басшылығына және ұжымына әрдайым көрсетілетін көмекпен қамқорлық үшін шын жүректен ризашылығын білдіріп, оларға әрі қарай жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу