Қызу жұмыс үстінде
18.11.2019
Богатырь кешенінің электрмен жабдықтау учаскесінің жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрслесарі Аяс Құрмашев 36 жыл электрмен жұмыс істейді.
Алайда басында жүргізуші мамандығын аяқтап, ресей элеваторларының бірінде еңбек етті, дегенмен электр алаңы оған жақынырақ болып шықты. Қауіптілігіне қарамастан, көбінесе ол 11 кВ кернеумен жұмыс істейді:
- Кернеумен жұмыс істеген қауіпті, сондықтан техника қауіпсіздігін мүлтіксіз сақтап, тәжірибелі энергетиктердің кеңесіне асқан жөн. Әсіресе бұл жас мамандарға қатысты.
Біздің жұмысымызды асыра бағалау қиын. Біз шағын станциялар мен желілерді, олардың жағдайлары мен жұмысқа қабілеттіліктерін тексереміз. Олардың жұмысындағы аз ғана ақаудың өзі көмір шығару жүйесінің тоқтап қалуы мен шығынға соқтырады.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.