Жылу сыйлау

13.11.2019

Күн суытты, алда әлі үш  ұзақ қыс айы күтіп тұр. Ал компаниямызбен қайырымдылық көмек ретінде тегін бөлінген 3 000 тонна богатырь көмірі аймағымыздың 600 аз қамтылған отбасыларын жылытары хақ. 

Әлеуметтік көмірдің әр 5 тоннасын пеш жағатын үйде тұрып жатқан көп балалы отбасы, мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасы, жалғыз тұрып жатқан және аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер алады. Қыс қарсаңында көмір сыйлау «Богатырь Көмір» ЖШС игі дәстүрге айналдырды. Естеріңізге сала кетейік,  бұрын компания өзінің ардагер кеншілеріне 10 тонна тегін көмір беріп, қамқорлық танытатын.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар тізіміне оралу