Кеншілер Даңқы стелласының ашылуы

02.11.2019

"Богатырь Көмір" компаниясының қаржылай қолдауымен орнатылған еңбегі сіңген кеншілердің аты жазылған ескерткіш тақталары бүгін қалалық "Шахтер" паркінде жаңартылған Шахтер даңқы саяжолында салтанатты түрде ашылды.

Маңызы бар оқиғамен митинг қатысушыларын қала әкімі Ержан Иманзаипов құттықтады. Осы тәріздес бастамалардың маңыздылығын "Богатырь Көмір" ЖШС бас директорының орынбасары Мирхат Мусанап өз құттықтау сөзінде атап өтті. Ашылу салтанаты аталмыш шараға қатысқан ардагер кеншілер және көмір шығарушы кәсіпорындар қызметкерлерінің Шахтер ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу