Қоланы жеңіп алдық

22.10.2019

«Богатырь Көмір» спортшылары айтулы халықаралық турнирде бірден екі қола марапатты жеңіп алды.

Кипр аралы Лимассол қаласында самбо шеберлерінің арасында өткен әлем чемпионатында Серік Саттаров үшінші орынға ие болды. Әртүрлі жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері әлемдік біріншілікке ұлттық құраманың құрамында қатысты. Бұл күні «Nomad ММА» нұсқасы бойынша аралас жекпе-жек бойынша Азия чемпионатында автобазаның бас инженері Алтынбек Искаков қола жүлдегер атанды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу