Жол өтпесіне старт берілді

27.03.2014

 

Он сегізінші наурызда «Богатырь» кенішінде көмір өндірушілер өндірістік мереке деп атап өтетін оқиға болды. Осы күннен бастап онда құны 60 миллион тенге бірлескен қазақстан-ресей жобасы– көмірді тасымалдау бойынша конвейердің астына салынған ұзындығы 32 метрлі өте сирек автомобильді жол өтпесі қолданыла бастады. Оны жүзеге асыру кеніштің ішінде ашу жыныстарын орналастыруға мүмкіндік береді, соның арқасында кәсіпорындағы ашуды тасымалдаудың өндірістік шығындары 21 пайызға қысқартылады.

Жол өтпесінің бірегейлігі, «Богатырь Көмір» ЖШС КЖД күрделі жөндеу бөлімінің бастығы Карен Айрапетянның айтуынша, оның республика бойынша жалғыз болуы, Қазақстанның өзге де көмір кәсіпорындарында осы тәріздес құрылыс жоқ. Шын мәнінде, «Богатырь» кенішінің синклиналды бөлігіндегі конвейерлі-темір жол кешенінің әрекет етуші көмір конвейерінде озат технологияларды: мықтылығы жағынан бетонға беріспейтін «Tensar» ағылшын фирмасының геоторларын және «Гофроболат» москвалық компаниясының металдыгофриренген құрылымдарын қолданумен жасалған өзгеше арка-көпір тұрғызылды. Осы көпірмен жүккөтергіші 140 тонға дейін үлкен жүкті самосвалдар кеніш терңдігінің ашу жыныстарын тұрақты ішкі үйіндіге тасымалдайтын болады. Олардың көлемі жылына алты миллион кубқа дейін құрайтын болады.

«Богатырь Көмір» кәсіпорнының бас директорының орынбасары-атқарушы директоры Сергей Опанасенко жол өтпесін жіберуді көмірлі компания үшін тарихи кезең деп атады.

- Бұл объект бүгінгі күні тұрақты ішкі үйіндінің қалыптаса бастауына мүмкіндік береді. Оның арқасында ашу жыныстары кәсіпорын дамуында жаңа кезеңді бастап синклинальға ағып өтеді. Мен бүгін осы үлкен істің жүзеге асуына қатысқандарға рақмет айтамын.

«Богатырь Көмір» ЖШС техникалық директоры Сергей Зарапин жол өтпесінің қолданылуы және автомобильді ашуға өту берілген технология бойынша ашу жұмыстарына кәсіпорын шығындарын 21 пайызға төмендетуге және көмір алыптарының өнімділігін көбейтуге мүмкіндік беретінін әңгімеледі. Ашу жыныстарымен ішкі үйінділерде жерді алудың және ашуды салудың көлемін қысқарта отыра, ішкі үйіндіні қалыптастырып, кеніштің өндірілген бөлігін толтыратын болады, бұған экологиялық көзқараспен қарасақ қоршаған ортаға бұл адамгершілік әсерін тигізеді.

«Стальмонтаж» ЖШС бас директоры Александр Терентьев - жол өтпесін құрумен айналысқан, жиналғандардың алдында сөз алып, құрылысшылардың мүмкін емес нәрсенің барлығын жасағанын атап өтті. Жарты жыл ішінде, құрастыру мерзімін және конвейердің тоқтауын ең төмен деңгейге дейін қысқартып, қатаң күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеп, олар көмір саласының ірі кәсіпорыны үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды объектіні тұрғызды.

Марина ПОНКРАТОВА

Фото: Анатолий Бутыриндікі

Суретте:

«Богатырь Көмір» кәсіпорнының бас директорының орынбасары-атқарушы директоры Сергей Опанасенко және «Стальмонтаж» ЖШС бас директоры Александр Терентьев лентаны кесуде; арка-көпір көмір конвейері арқылы: конвейер бойынша көмірді, жол өтпелі бойынша – ашуды тасымалдауда; көмір өндірушілер жол өтпелінің жіберілуін қолдауда.

Жаңалықтар тізіміне оралу