Баспасөз / жаңалықтар

Ашық есік Күні

29.10.2019

Бүгін «Богатырь» кенішінің әкімшілік-тұрмыстық кешенінде компания қызметкерлері үшін Екібастұз қаласының басшысы Ержан Иманзаиповтың, қала әкімдігінің, мемлекеттік мекемелермен коммуналды кәсіпорындардың бөлім басшыларының қатысуымен ашық есік Күні өтті. М.Әуезов көшесі бойындағы жол төсемдерінің жағдайы, мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету, көп қабатты тұрғын секторлардың аудандарында қоқыс контейнерлер орнату, қаланың шетінде авто жағармай құю станцияларының болуы –осы және өзге де тақырыптарды кеншілер елбасы Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында ұйымдастырылған қабылдау кезінде қозғады. Қала әкімі атап өткендей, осындай көшпелі қабылдауды жүргізу және кеншілерді мазалайтын мәселелерді анықтау үздіксіз өндірстегі саны жағынан көп «Богатырь Көмір» ұжымының қамтылуын есепке алумен шешілді.

Көшпелі қабылдауға қатыса алмаған кеншілер, өз сұрақтарын қала әкімінің жеке қабылдауына жазылуымен, немесе оған Инстаграмдағы ресми парақшасы арқылы арызданумен, не болмаса сұрақтарды + 7 707 334 92 90 WhatsApp нөмірі арқылы жіберумен қоя алады.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list