Шығыс- тәтті іс.

19.10.2019

Шығыс- тәтті іс. Бұны Халықаралық аспазшы күніне арналған жылсайынғы аспаздық жекпе-жекте біздің аспазшылар дәлелдеді. Атқарушы аппараттың, БЖКБ, "Южная"," Ковыльная" станцияларының, ТКЖД және "Богатырь" кенішінің асханаларынан құралған бес команда шығыс ас үйін теориялық және тәжірибелік білу жағынан өз шеберліктерін көрсетті. Олар тағам өнімдерін бір көргеннен, иісі бойынша және бір дәм татқаннан анықтай білуді асқан шеберлікпен көрсете алды, тұшпара жасауда жылдамдыққа жарысты және тәбеті таңқаларық үй тапсырмасын - кәріс, татар, армян, өзбек және грузин ас үйінің тамаша тағамдары әзірледі. Байқау аяқталған соң, қонақтар әрқайсысының дәмін тата алды. Дәмді әрі әдемі шайқастың бас жүлде иегері "Богатырь" кенішінің аспазшылары атанды. Атқарушы аппараттың, "Ковыльная" станциясының, БЖКБ +южандар аспазшылары бірінші, екінші және үшінші орындарды тиісінше бөлісті. ТКЖЖ командасына жұбаныш жүлдесі бұйырды. Байқаудың барлық қатысушылары грамотамен "Технодом" дүкенінің сертификатына ие болды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу