«Богатырь Көмір» компаниясы офистерінің біріндегі жұмыскерлер дәлізде экспонаттардан кішігірім көрме жасай отырып, бұлыңғыр қоңырқай күзге қызықты ойларымен ашық реңк берді.

18.10.2019

«Богатырь Көмір» компаниясы офистерінің біріндегі жұмыскерлер дәлізде экспонаттардан кішігірім көрме жасай отырып, бұлыңғыр қоңырқай күзге қызықты ойларымен ашық реңк берді. Жүзімнен жасалған кірпілер, жұмыртқаның қабығынан жасалған картиналар, асқабақ үйшік, тоздан жасалған қасықтар және табиғи суреттемелер көздің жауын алып, офис мамандарын қуанышқа бөледі. Кәсіпорын қызметкерлерінің шығармашылық қиялдары бұл жерде бірнеше күн әдемі күз ертегісін құруға көмектесті. ​

 

Жаңалықтар тізіміне оралу