2019-10-14

14.10.2019

Компанияда құны 40 млн. рубль тұратын «Богатырь» кенішінің тау-кен көліктік кешенін басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізіле бастады. Жобаны әзірлеуші мәскеудің «Союзтехноком» ЖШБ болып табылады.

ТКК БАЖ негізгі міндеті – тау-кен жұмыстарын жүргізген кезде тау-кен көліктік және қосалқы жабдықты басқаруды диспетчерлеу мен автоматтау. Жаңа жоба ЦТТ кешенімен бірге қолданылатын болады – белгілі орташа сапасы бар көмір қабаттарын қалыптастырған кезде бұл жүйелердің өзара әрекет етуі болжанады.

Автоматтандырудың арқасында кеніште жұмыс істейтін техниканың дизельді отынының жұмсалуына, тау-кен массасының тасымалдануына, нақты уақыт режіміндегі тау-кен техникасының тұрған орнына және басқа да үдерістерге бақылау жүргізу анағұрлым тиімдірек болады. Жүйе 65 карьерлік техниканы қамтиды – самосвалдар, бульдозерлер, экскаваторлар, өзі түсіргіштер және т.б. Оны өндіріске енгізу үдерісі сегіз айға созылады деп күтілуде.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу