2019-10-10

10.10.2019

«Богатырь Көмір» компаниясының энергетиктері Богатырь кешенінің электрмен жабдықтау учаскесінде электр қуатын сапалы қабылдау,түрлендіру және тарату үшін жылжымалы трансформаторлық қосалқы станциялардың (ЖТҚС 35/6кВ) күрделі жөндеуін жүйелі түрде жалғастыруда. Аталмыш қосалқы станциялардың тұтынушылары теміржол станциялары, экскаваторлар және кәсіпорынның жұмыс алаңдарының жарықтандыру көздері болып табылады.

Биылғы жылы №29 және №13 қосалқы станцияларының жөндеуі аяқталды. Жылдың соңына дейін тағы екі қосалқы станцияда ЖТҚС №22 мен ЖТҚС №18 жөндеу жүргізу жоспарлануда. Энергиямен жабдықтаудың жаңартылған нысандарының жұмысында электронды басқару жүйесі қолданылады. Ресейден шыққан жабдықтар заманауи талаптарға сай келеді. Оны сатып алуға компания 170млн.теңгеден аса қаражат жұмсады.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу