ТКЖЖ зауытының мамандары сапалы жөнделген кезекті экскаваторды пайдалануға тапсырды.

04.10.2019

ТКЖЖ зауытының мамандары сапалы жөнделген кезекті экскаваторды пайдалануға тапсырды.

Германияда шығарылған «Liebherr R994-171 Li» № 002 гидравликалық экскаваторын күрделі жөндеуді Қанат Ахметжанов басқарған ТКЖЖ зауытының көшпелі бригадасы орындады. Жоспарлы жұмыстың аясында гидравликалық жабдық және машина гидравликасының барлық жүйесі жөнделді, тірек, кергіш, ұстап тұрушы аунақшалар ауыстырылды, қозғаушы механизмнің жетекші жұлдызшасы ауыстырылды. Жүргізілген жөндеу 12 текшелі экскаватордың техникалық ресурсын, көмір тиеген кезде сенімділігін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу