Қызмет ету мерзімін ұзарту

30.09.2019

ТКЖЖ зауыты мамандарының шеберліктері мен қалыпсыз техникалық шешімдері тау-кен техникасының қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жөндеуі аяқталып қалған ЭРП-2500 №2142 роторлық экскаваторы оған мысал бола алады. Инженер-технологтар мен инженер-конструкторлардың инженерлік пікірлерінің, сондай-ақ зауыттың жөндеу бригадасының жоғары сапалы жұмыстарының арқасында машинаның жүріс бөлігінің қозғалмайтын арбашасы қалпына келтірілді, құрылымын өзгерту арқылы беріктігі күшейтілді. Экскаватор 4 қазанда іске қосылады.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу