Қырық еңбек ардагері және кәсіпорынның еңбек майданына қатысушылар Қарттар Күні «Богатырь Көмір» басшылығынан сыйлық алып, қуанышқа бөленді.

01.10.2019

Қырық еңбек ардагері және кәсіпорынның еңбек майданына қатысушылар Қарттар Күні «Богатырь Көмір» басшылығынан сыйлық алып, қуанышқа бөленді.

Кенші әжелер мен аталар соғыстан кейінгі жылдарда көптеген мұқтаждықтар көрді. Салиқалы жастарына қарамастан олардың барлығы «богатырлық» жастар қозғалысының белсенділерін құшақтарын жая, көтеріңкі көңіл-күймен, жылы лебіздерімен және кеніштегі жұмыстары туралы естеліктермен қарсы алды. Хаким Жұматұлы Досжанов «Экибастузуголь» МАҚ техникалық дирекциясының геологы болды. «Далада жұмыс істедім, мамырда кетіп, үйге қазанда оралатынмын»,- деп еске алады ол. Мария Федоровна Бедник отыз жылдан аса есептеу бөлімінің бастығы болған. Оның үш қызы, тоғыз немересі, он жеті шөбересі және бір неменесі бар. Ол 89 жаста, бірақ белсенді өмір салтын ұстануда жалғастыруда, саяжайда жұмыс істейді, қысқа тосап қайнатып, тұздалған өнімдер жабады. «Өмір – қозғалыста», - деп жымияды ол. Анна Павловна Музычук «Центральный» кенішінің электрмеханикалық қызметінде 28 жыл инженер болып еңбек етті. Оған Екібастұз кен орнының аңыздары деп сенімділікпен айтуға болатын Михаил Иванович Чалбышев, Райнгольд Эрнстович Шеминг, Виктор Константинович Костарев, Станислав Павлович Куржей және Владимир Устинович Аксинин сияқты кеншілермен жұмыс істеу бақыты бұйырды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу