Конституция Күніне арналған салтанатты жиналыс

29.08.2019

ҚР Конституция Күніне арналған қала жұртшылығының салтанатты жиналысы бүгін Естай атындағы музыка мектебінің үлкен залында өтті.

Ел өміріндегі маңызды күнімен екібастұздықтарды қала әкімі Ержан Иманзаипов, қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков, Екібастұз қалалық соты Рауан Беилгожин, "Богатырь Көмір" ЖШС бас директорының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Мирхат Мусанап құттықтады. Мемлекеттік мереке қарсаңында "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" алқалары алты және одан да көп бала тәрбиелеген аналарға табысталды. Облыс әкімінің Алғыс хатымен, қала әкімінің Құрмет грамотасымен және қалалық мәслихаттың Алғыс хатымен мекемелермен ұйымдардың бірқатар қызметкерлері атап өтілді.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу