Тағы қосымша он бес автобус

27.08.2019

«ПАЗ-32053» маркалы автобустарды сатып алуға биылғы жылы жоспарланған отыз бестен соңғы он бесі компанияның автобазасына бүгін келіп жетті.

Естеріңізге салайық, сәл ертеректеу кәсіпорын автопаркін жаңа техниканың жиырма бірлігі толықтырған болатын. Автобаза директоры Александр Зыкалиннің айтуынша, келіп түскен барлық автобустар қызметкерлерді өндірістік учаскелерге жеткізу үшін арналған. Сатып алынған автобустардың сапасы жайлы қарапайым жұмыскерлердің пікірімен РМ -2 учаскесінің слесарі Роман Гузовский бөлісті: - Жаңа автобустар алдындағыларға қарағанда жақсырақ екені бірден байқалады. Оған қоса, ішінде қыста жылы болатындай, жылу радиаторын қосқан. Орындықтары да биік арқасымен жайлы. Компания басшылығына адамдарға деген қамқорлығы үшін рахмет!

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу