Әрқайсысы асыға күткен мерекелік ұтыс лотереясы да өтті!

24.08.2019

Әрқайсысы асыға күткен мерекелік ұтыс лотереясы да өтті!

Жүлделер арасында шет елге жолдамалар, ақшалай сертификаттар және тұрмыстық техника өз иегерлерін тапты. Жүлделер арасында "Борусан Макина", "Промсервис Отан" және «Астанабелазсервис К» компанияларының демеушілерінен "Азия Авто" шығарған "Лада Гранта" үш автомобильдері де болды. Коммерциялық дирекцияның ОСБ қойма меңгерушісі Гаухар Реджепова, ТЖЖЖД ЖҚД-2 жол машиналары машинисті Қаирбек Шокабаев және оның учаске бойынша әріптесі, жылжымалы құрам слесарі Алибек Салимов Шахтер Күнінен су жаңа автомобильдермен қайтты. Үшеуі де алдында ұтыс ойындарына қатысқан еді, бірақ ештеңе ұтпаған. Осы жолы сәттілік олардың жағында болды!

 

Жаңалықтар тізіміне оралу