Лайықты наградалар

23.08.2019

Мереке күндері «Богатырь Көмір» компаниясы кеншілерінің еңбегі жоғары бағаланды.

20 - шілдеде Нұр – сұлтан қаласында энергетиктердің салалық кәсіподағының мүшелерін «Көмiр өнеркәсiбiнiң құрметтi қызметкерi», 1 дәрежелі «Шахтер даңқы», 1 дәрежелі «Еңбек даңқы» ведомстволық наградаларымен «Самұрық –Энерго» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Жуламанов марапаттады. Ал 21 – шілдеде, Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту Министрлігінде 1,2,3 дәрежелі «Көмiр өнеркәсiбiнiң құрметтi қызметкерi», «Шахтер даңқы»,«Еңбек даңқы» ведомстволық наградаларымен ҚР көмір өндірісі жұмыскерлері кәсіподағының мүшелері марапатталды. Мерекелік шараға қатысушыларды кәсіби мерекелері – Шахтер Күнімен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Токтабаев Тимур құттықтады.

Қанат АЛДАБАЕВ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу