Мерекеге сыйлықақы

23.08.2019

"Богатырь Көмір" кеншілері өздерінің басты мерекесін көтеріңкі және нағыз мерекелік көңіл күймен қарсы алуда.

Шахтер Күніне орай кәсіпорында бір жыл және одан көп жыл жұмыс істеген барлық қызметкерлеріне еңбекақыдан 50 пайыз көлемінде ақшалай сыйақы төленді. Сыйақы қызметкерлердің еңбекақы карточкаларына аударылды. Кәсіби мерекелері қарсаңында сыйлықақы төлеп, компания кезекті рет әлеуметтік жауапкершілік үлгісін көрсетті және оның басты құндылығы адам еңбегі болды және қала бермек.

Қанат АЛДАБАЕВ.

Жаңалықтар тізіміне оралу