К Мелехову

22.08.2019

Шахтер күні қарсаңында компания басшылығы көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері, қаланың құрметті азаматы Мелехов Дмитрий мырзаны кеншілер мерекесімен құттықтады. Кеншінің ғұмырында соғыстан кейінгі киын қыстау мен ашаршылық жылдары, мазмұнды да мәнді еңбек жолы жатыр. Сол ғұмырдың 65 жылын Қазақстанның көмір өнеркәсібіне арнаған екен. Қарағанды тау – кен техникумын бітірген соң, «Карагандауглеразрездің» №5 Федоровский кенішінің учаскелік маркшейдерден бастап біздің компаниямыздың күрделі құрылыс жөніндегі директоры, бас директор кеңесшісі лауазымына дейінгі ұзақ жолды өтіп, осы еңбек жолының 60 жылын Екібастұз көмір бассейінінің дамуы мен игерілуіне арнап, тәжірбиелі, білімді маман, сенімді, жауапты, заманауи, жаңалыққа жаны құмар тұлға болып қалыптасты. Осы тұлғаның белсенді қатысуымен «Северный» және «Богатырь» кеніштерінен «Богатырь Көмір» ЖШС құрылды. Күні бүгінде табысты түрде жүзеге асып, жұмыс жасап тұрған көптеген техникалық жаңалықтардың авторы болып табылады, соның қатарында толассыз-ағынды технологиясы да бар.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу