Кеншілердің басты мерекесі қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы көмір саласының ардагерлеріне құрмет көрсетті.

20.08.2019

Кеншілердің басты мерекесі қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы көмір саласының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Құрметті демалыста отырған кәсіпорын жұмыскерлерін мерекелік асқа шақырды. Жиналғандарды бас директор Николай Корсаков, бас директордың орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров, бас директордың кеңесшісі Александр Григорьев құттықтады. Жайлы дастархан басында құрметті қонақтар жаңалықтарымен бөлісіп, жұмыс істеген жылдарын еске түсірді және ерекше ықыласпен компанияның жұмысшы жастары дайындаған музыкалық бағдарламаларын тыңдап, жақсы әсер алды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу