Комиссия по рассмотрению социально-значимых вопросов

14.08.2019

Жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Азат Макенов бастаған әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қарау жөніндегі комиссия бүгін «Богатырь» кенішінің ұжымымен кездесті.

Компания жұмыскерлері бару үшін санаториялар санын көбейту туралы сауалға: - Бұл мәселеде қажеттілік туындаса, берілген ұсыныс комиссиямен талқыланады, - деп жауап берді Азат Макенов. Қазіргі таңда кәсіпорын басшылығы «богатырлік» кеншілердің қатысуымен спорттық іс-шараларды қаржыландырудың механизмдерін, атап айтқанда, көшпелі жарыстарды демеу есебінен кеңейту мүмкіндігін қарастыруда. Одан басқа, шахтер Күніне компанияның спорттық-сауықтыру кешенінде жөндеу, оның ішінде саунаны жөндеу аяқталуда. Бас директордың орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров, жиналғандар алдында сөз сөйлей отыра, компаниямыздың әр жұмыскеріне жұмысқа шығар алдында өзіне жүктеу қажет қымбат тұратын жабдықтар үшін жауапкершілікке ерекше көңіл бөлді. Жұмыс орындарында кеншілердің дұрыс әрекет жасамағандарынан кәсіпорын үлкен шығынға ұшыраған жағдайларда орын алды. Сонымен қатар, Серік Макаров аяқталуы 2022 жылы жоспарланып отырған ЦТТ жобасының іске асырылуы туралы айтып өтті.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу