Марапатқа – ақтық финал

05.08.2019

Павлодар қаласында өткен өңірлік іріктеу турының қорытындысы бойынша «Богатырь Көмір» спортшылары спорттың жеті түрінен «Самұрық-Қазына» VI Спартакиадасының ақтық финалына  жолдама ұтып алды. 

Регламентке сәйкес 1-ден 4-ке дейін орын алған спортшылар мен командалар жолдамаларды алды. Олардың ішінде шағын-футбол (3-орын), стритбол (3-орын), киберспорт (1-орын) бойынша біздің құрамалар да бар.  Үстел  теннисінде – Е.Ережепова (1-орын), К. Сенич (3-орын), шахматтан – Е.Кұрманбаев (1-орын), М.Акимова (4-орын), армрестлинген – А.Сазонов (1-орын), Т.Ильясов (2-орын), Е.Ваганова (3-орын), И.Смирнова (4-орын),  тоғызқұмалақтан – М.Латыпова (2-орын), Е. Булкенов (2-орын).         

«Самұрық-Қазына» VI Спартакиадасының ақтық финалы осы жылдың 7-8 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.  

Қанат АЛДАБАЕВ 

Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу