Жүргізудің шеберлері

01.08.2019

Кәсіби шеберлік конкурсының сериясы бүгін ТКБ-да жалғасын тапты. Үздік атағы үшін «БелАЗ-75131» және «САТ 785 С» самосвалдарының жүргізушілері және  «САТ - D 9 R (D 10Т) бульдозері,  «САТ -16 Н (М)» автогрейдер машинистері бақ сынасты.  

Олардың барлығы тестік сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тәжірибелік тапсырманы қателеспей орындаулары қажет еді. Жүргізушілер бөшкелер орнатылған айналыспен трасса бойынша жүріп өтуді, жүкті көтеріп түсіруді және берілген шаршыға көлік қоюды орындады. Бульдозер мен автогрейдер машинистерінің де трассаны жүріп өтуді және машинаның аспалы агрегатымен белгіленген операцияларды орындаулары қажет болды.  

«БелАЗ» жүргізушілері арасында жүлегерлер үштігіне енгендер: Н.Амиров (1-орын),  Е.Кравченко (2-орын), Н.Шайзадинов (3-орын). «САТ 785 С» жүргізушілер арасында: Ж.Ускембаев (1-орын), А.Капезов (2-орын), Б.Әлжанов (3-орын). Бульдозер машинистері арасында: А.Лещенко (1-орын), Ю.Аброскин (2-орын), Ж.Мұқанов (3-орын). «САТ -16 Н (М)» автогрейдері машинистерінің арасында: Н.Есжанов (1-орын), В.Мальцев (2-орын), С.Шарапов (3-орын).  

Қанат АЛДАБАЕВ 

Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу