Қоршаған ортаны қорғау

31.07.2019

"Қоршаған ортаны қорғау" екібастұз қоғамдық бірлестігі нің басқарма мүшелері "Богатырь Көмір" компаниясына келді. Олар "Северный" және "Богатырь" кеніштерінің көрме алаңдарында, "Степная" станциясында, БЖКБ "Богатырьская" станциясының жабдықтау депосы учаскесінде және ЖЖМ базасында, оқыту-курстық комбинатының музейінде және тазарту құрылыстарында болып қайтты. Қонақтарды бас директордың мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары Мирхат Мусанап және кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтің техникалық директордың орынбасары Наталья Шулаева қарсы алды. Қоғамдастықтар кеніштерде және үйінділерде өрттің болмауын, шан басу жағынан технологиялық жолдардың жақсы жағдайда екенін, кәсіпорынның аумағындағы жайластырулар жайлы оң пікірлер айтты. Оған қоса, ЖЖМ базасындағы алаңмен "Богатырьская" жабдықтау депосын абаттандыруын жақсартуға ұсынды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу