Ардагер-көмір өндірушілерге арналған экскурсия

31.07.2019

Шахтер Күнінің қарсаңында 50 ардагер-көмір өндіруші Нұр-Сұлтан қаласына экскурсияға барды. Сапарға байланысты барлық шығындарды компания өз мойнына алды, оны «Богатырь Көмір» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Астана бойынша шолу экскурсиясы кезінде кеншілер ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына, Ұлттық мұражайға, «Хазрет Сұлтан» мешітіне, Свято-Успен кафедралды шіркеуіне барды. Ардагерлер астана тарихынан, оның сәулеттік көркем жерлерінен көптеген қызықты деректер білді. Арнайы олар үшін «Мельница» украин тамағының мейрамханасынан мерекелік түскі ас берілді. Сапар «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығына барумен аяқталды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу