«Богатырь Көмір» көшбасшы қатарында

29.07.2019

«Богатырь Көмір» футболшылары өздерінің қарсыластарына кезекті тойтарысты берді. Облыс чемпионаты жарысында кеншілер «Ақсу» командасының қақпасына жеті рет доп тықты. Валерий Пастухов пен Арман Абақанов өздерінің дербес шоттарына екі голды қосты. Руслан Шишкин, Тілекбол Жалбиров пен Жасұлан Досумов бір голдан алды. Қаланың біріншілігі аясында «Локомотив» командасымен болған кездесу кеншілердің жеңісімен аяқталды. Мұрат Ахметшариповтің активінде екі гол, Мақсат Тоқтыбаев пен Дастан Рахманғұлов бір-бірден доп енгізді. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу