Адамдар

Сергей Гесс

16.01.2020

Сүйікті мамандық

Сергей Гесс ТЖЖЖД-ның «Богатырьская» ЖҚД-нда жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарі болып 10 жылдай жұмыс істейді.

Оған №18 кәсіптік мектепті бітірген соң, өзінің негізгі мамандығы «электровоз машинистінің көмекшісі» бойынша жұмысқа орналасу бұйырмады. Біраз уақыт екінші мамандығы «Богатырьская» ЖҚД «ЖҚ жөндеу жөніндегі слесарь» бойынша жұмыс істеген ол, кейін өзіне бауыр басып, жақын тартып кеткен ұжымынан кеткісі келмеді.

- Біздің жұмыс бір көргеннен ауыр емес секілді, бірақ, шынында, оның әр түрлі бүге-шүгелері көп, оны түсіну тәжірибемен келеді, - дейді Сергей. – Слесарлық қолөнердің қыр-сырын түсінуге маған менің бірінші тәлімгерім Николай Яковлевич Безустов көмектесті. Қазір менің біліп-үйренгендерімнің барлығы –ол оның еңбегі. Мен ОПЭ және ПЭМ қозғалтқыштардың блоктарын жөндеуді және жинақтауды одан үйрендім. Жылдар бойы жұмыс істеп, жинақтаған тәжірибемді бүгінгі күнде тағылымдамаға келген жастармен бөлісуге тырысамын.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Адамдар мақалалар тізіміне