Адамдар

16.07.2019

Геннадий Владимирович Колосов компанияда 2006 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Еңбек жолын барлығы сияқты АТЦ-3 автобазасында жеңіл автомобиль жүргізушісі болып бастады. Технологиялық көлік басқармасына бір жыл бұрын ғана ауысты. Бірден табысты дебютке қол жеткізді, Геннадий ӘСМ (әмбебап суаратын машина) жүргізушілерінің арасындағы кәсіби шеберлік конкурсына қатысып, бірінші орынға ие болды.

11.07.2019

Жұмабай Адамұлы Ускембаевтың жүргізушілік жұмыс өтілі 33 жылды қамтиды. Ол «Шахтострой» комбинатының №1 автобазасында жұмыс істеген кезде 30 тонналық «БелАЗ» ауыр жүк тасығыш самосвалды басқарған болатын.

08.07.2019

«Ударная» ЖҚД тартушы агрегаттың жас машинисті, «Мамандығы бойынша үздік» конкурсының былтырғы жылғы чемпионы Александр Воробьев компанияда жеті жыл еңбек етуде.

01.07.2019

Болат Жарынбетұлы Әлжанов «Богатырь» кенішінде ең күшті карьерлік самосвалдардың бірі «Caterpillar 777 D» жүргізеді. Оған дейін ол «БелАЗ-75131» белорусь титанын жүргізген.

30.06.2019

Александр Бушин, "Октябрьская" ЖҚД тартқыш агрегатының машинисі қызметінде еңбек өтілімі аздығына қарамастан- екі жылға жуық БЖКБ ең үздік мамандарының болып саналады. Оған дәлел- "Мамандығы бойынша ең үздік" өткен жылғы конкурсында алған алтын медалі.