Адамдар

Серік Александрович Тюлеуов

12.12.2019

Бастысы – жұмыс істеу ниеті 

«Южная» станциясы ЖСЖ учаскесінің жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарі Серік Александрович Тюлеуов жылу энергетикасында 27 жылға жуық еңбек етуде.

Ол слесарьлық кәсіптің қыр-сырын қалалық ЖЭО-да меңгерді, ал сәті түскен кезде  ойланбастан «Богатырь Көмір» компаниясына ауысты.

- Мен өз жұмысымды сүйемін, - дейді Серік Александрович. – Бізде жақсы маман болуға, сыныптылықты көтеруге және өз жұмысың үшін лайықты еңбекақы алуға барлық жағдайлар жасалған. Сондықтан жастарға айтарым: қолымнан келмейді деп қорықпастан келіңдер. Мен өзімнің тәжірибелі әріптестерім Айтпай Манаевич Исабековпен және Евгений Александрович  Сосновпен бірге және әрдайым сіздерге көмектесеміз, айтамыз, қажет болса үйретеміз. Бастысы – кәсіпті меңгеруге деген ықыластарыңыз болса болды.  

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Адамдар мақалалар тізіміне