Адамдар

Людмила Трубаева

17.12.2019

30 жыл – сүйікті ісіне

«Богатырьская» станциясының жылу сумен қамтамасыз ету учаскесіне Людмила Трубаева 1989 жылы келді. Қазандықта конвейер машинисті болып жұмыс істеуден бастады, бес жыл жұмыс істеген соң, тәжірибемен білімді жинақтап, қазір еңбек етіп жүрген қазанагрегат машинистіне ауысты.

Осы 30 жыл жұмыс ішінде қазандықтың өзі және ондағы әріптестері оған туғандай болып кетті. Людмиланы әріптестері еңбексүйгіштігі мен кәсібилігі, мейірімділігімен бауырмалдығы үшін сыйлайды және қадірлейді.

- Біздің жұмыс оңай емес, әрі жауапты. Бізде бұл жерде тура айтқанда өте ыстық, себебі біз жоғары қысым астында жұмыс істейміз. Байқап қарасаң, қазанагрегатының машинист-от жағушысы тіптен әйел мамандығы емес, бірақ қанша таңырқарлық болмасын, жұмыс істеп жүргендердің көбісі нәзік жыныс өкілдері. Алғаш рет өз бетіммен ауысымға шыққан кезде қалай менің қатты қобалжығаным әлі есімде. Бірақ, қолымнан келді. Сол кезде тәлімгерім Гүлбақыт Зағитованың берген бағасын есту көңілімді екі есе сүйсіндіртті: «Мен сенімен босқа жұмыс істемеген екенмін». Бүгін күні жұмысты атқарған жылдарымдағы бар жинақтаған тәжірибеммен жастармен бөлісуге тырысамын, себебі ол біздің ауысым ғой.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

@bogatyr.kz

https://www.instagram.com/bogatyr.kz/

https://www.facebook.com/groups/Bogatyr.kz/

 

Адамдар мақалалар тізіміне