Адамдар

Николай Николаевич Михнев

19.06.2019

Николай Николаевич Михнев – технологиялық көлік басқармасының ең тәжірибелі жүргізушілерінің бірі, былтырғы жылғы ауыр жүк тасығыш самосвалдарды жүргізушілердің арасындағы кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпазы. Оның 40 жыл жүргізушілік жұмыс өтілі және 40 тонналық «БелАЗдан» бастап аса ауыр салмақтағы «Катерпиллерге»  дейін әртүрлі кластағы машиналары болған.  Николай Николаевич «Богатырь Көмір» компаниясында жиырма жылдай еңбек етуде, оның ішінде 14 жыл бойы борттық нөмірі 102 «Катерпиллер» жүргізуде.

- Аталмыш самосвалды басқару қиын емес, ең бастысы алаңдамай, мұқият болу қажет, - дейді Николай Николаевич. – Машина сырттай ғана сесті  көрінеді, ал шынында басқаруға көнеді. Жастарға қорықпастан, ауыр жүк тасығыш самосвалдарды жүргізуші мамандығын таңдауға кеңес беремін.

Қанат АЛДАБАЕВ 

Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.

Адамдар мақалалар тізіміне