Адамдар

Колосовтар әулетінің бірі

16.07.2019

Геннадий Владимирович Колосов компанияда 2006 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Еңбек жолын барлығы сияқты АТЦ-3  автобазасында жеңіл автомобиль жүргізушісі болып бастады. Технологиялық көлік басқармасына бір жыл бұрын ғана ауысты. Бірден табысты дебютке қол жеткізді, Геннадий ӘСМ (әмбебап суаратын машина) жүргізушілерінің арасындағы кәсіби шеберлік конкурсына қатысып, бірінші орынға ие болды.

Өзінің былтырғы жылғы жетістігі туралы сыпайы айтады:

- Конкурста ерекше ештеңе істеу қажет болған жоқ, күнделікті атқарып жүрген жұмысымызды орындадық. Биыл да өз күшімді тексергім келе ме? Неге көрмеске?

Компанияда Геннадийден басқа оның әкесі Владимир Геннадьевич пен ағасы Андрей жұмыс істейді, екеуі де автогрейдер жүргізеді. Сондай-ақ, әпкесі Дарья ТКБ-да жетекші инженер. Жалпы айтқанда, Колосовтардың толықтай еңбек әулеті. Геннадий олардың әулетін ұлы экскаватор машинисті ретінде жалғастыруын армандайды.

Қанат АЛДАБАЕВ 

Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.

 

Адамдар мақалалар тізіміне