Адамдар

Жұмабай Адамұлы Ускембаевтың

11.07.2019

Жұмабай Адамұлы Ускембаевтың жүргізушілік жұмыс өтілі 33 жылды қамтиды. Ол «Шахтострой» комбинатының №1 автобазасында жұмыс істеген кезде 30 тонналық «БелАЗ» ауыр жүк тасығыш самосвалды басқарған болатын.  Айтпақшы, сол кезде ол қазіргі жұмысындағы өзінің кейбір әріптестерімен бір ауысымда еңбек атқарды. Жұмабай «Богатырь Көмір» компаниясына 2002 жылы жұмысқа тұрды. 40 тонналық «БелАЗды» жүргізді. Ал 2005 жылы «Caterpillar» машинасына отырды.  Жұмабай Адамұлы еңбек еткен жылдарында жастар үшін сенімді тәлімгер болды, оның оқушыларының көбі қазір өзімен бірге бір учаскеде жұмыс істейді.

- «БелАЗ» жүргізгендерге «Caterpillar» сияқты машинаны басқару қиын емес. Ең бастысы өз жұмысыңды жақсы және адал істеу қажет.

Әр түрлі жылдарда берілген 2 және 3-дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгілері мен алтыншы біліктілік разряды Жұмабай Адамұлының тиянақты жұмыс атқарғанының куәсі. Жұмабай Адамұлының жолын қуған ұлы қазір Бозщакөл мыс кен орнында ауыр жүк тасығыш самосвалды басқарады.  

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

Адамдар мақалалар тізіміне