Адамдар

Велосипедтен экскаваторға дейін

02.05.2018

ТКЖЖ зауыты экскаваторлық-жөндеу цехының жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бригадир-слесарі Виталий Ведутов бала күнінен техниканың қыр-сырымен таныса бастады. Өзінің ескі велосипедін алғашқы рет жөндегеннен бастап оның мансабы басталды деп айтуға болады. Жылдар өтті және біздің кейіпкеріміздің жөндейтін механимздері маңызды да күрделі бола бастады.

Виталий Торғай облысы Есіл ауданы Двуручный кентінде дүниеге келді. Әлі күнге дейін онда оның әкесі тұрады. Ол зейнеркер болса да жергілікті совхозда жүргізуші болып жұмыс істейді.

- Ол бар өмірін баранка бұрумен өткізді және зейнеткерлікке шықса да одан айрылғысы келмейді –дейді біздің сұхбаттас. Атап айтқанда техникаға деген сүйіспеншілік ұлына әкесінен берілген:

- Бастапқыда мен кез-келген бала сияқты велосипедтер жөндедім. Сосын мотоцикл пайда болды. Маған бөлшектеу, босатып тастау, сынықтың себебін анықтау ұнайтын. Әкем жүргізуші болып істеді, ол автомобиль жөндегенде мен оның жанында жиі жүретінмін. Солай мен күрделі техниканың құрылымын жете түсіндім.

Виталий Ведутов мектепті аяқтаған соң және әскери қызметті өтегеннен кейін 1997 жылы Екібастұзға келді. «Экибастузуголь» өндірістік бірлестіктің оқу-курстық комбинатында экскаватор машинистінің көмекшісі мамандығын алды. «Богатырь» кенішінің аршу учаскесінде ЭКГ 12,5 экскаваторында тәжірибеден өтті. Ол кезде аршу кешенінің бастығы Серік Саттаров, экскаватор машинисті – Александр Денисов, оның көмекшісі – Владимир Чепуренко болды.

Содан кейін біздің кейіпкеріміз жылжымалы құрам слесарі атты тағы бір мамандық алды және Екібастұз ТЧ 19 жұмысқа орналасты. Келесі бір жарым жылдың ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін оның бас объектісі – жылжымалы құрам болды. Бірақ жас жігіт бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізгісі келді де электрслесарь және тау-кен көліктік жабдықтарының слесарі кітапшасына ие болды. Сол кезден бастап отбасы жағдайында байланысты бір жылдық үзілістен кейін оның тағдыры «Богатырь Көмір» кәсіпорнымен байланысты болды. 18 жыл бұрын ақпан айында ол ТКЖЖ зауытының экскаваторлық-жөндеу цехына жабдықтарды жөндеу мен қызмет көрсету жөнінде слесарь болып жұмысқа орналасқан, 8 жылдан кейін бригадир болды:

- Бірінші жұмыс күні мен «Восточный» кенішіне ЭКГ экскаваторын жөндеуге тап болдым. Бригадир Александр Борей болды. Мен онымен көп жыл жұмыс істедім. Сосын өзім де бригадир болдым. Қазір менің қарамағымда жөндеудің күрделілігіне байланысты 5-тен 15 адамға дейін жұмыс істейді. Бұлар слесарьлер мен дәнекерлеушілер. Үздік жұмыскерлер, ұйымшыл ұжым. Үнемі қол ұшын беруге дайын.

 Бригада өндірістік учаскелерге шығып техникаға жөндеу жүргізеді. Монтаждау, бөлшектеу, жаңа қосалқы бөлшектерді орнату көбінесе ашық аспан астында жүргізіледі. Кейбір бөлшектер жөндеу үшін ТКЖЖ зауытына жіберіледі.  

Көмір шығарушы техникаға арналған қосалқы бөлшектер көлемді. Оларды ауыстыру үдерісінде көбінесе крандар үлкен жәрдем береді. Виталийдің жөндеген ең үлкен машинасы – роторлық экскаватор. Оның габариттері әсерлі. Бір ғана роторлық дөңгелектің диаметрі 16 метрге (!) жуық, ал оның өзінің биіктігі көп қабатты үймен тең:

 - Мен алғашқы рет роторлық экскаваторды көргенде таң қалдым. Онда соншама күш, қуат пен айбындылық болды! 

 Сұхбаттасымыздың өз жұмысы туралы шаттыққа бөленген әңгімесін тыңдай отырып, оның бір кездегі зор да күрделі бір нәрсені өмірге әкелу туралы арманының орындалғанын аңғаруға болады. Шебердің қолы тиген техникалық құрылғылармен бірге оның өзі де ұжым сыйлайтын тәжірибелі кәсіпқой болып көтерілді.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Адамдар мақалалар тізіміне